Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Алматыда кәсіпкердің үйінен 250 мың доллары бар сейф ұрланған

Фото: polisia.kz

Алматы полициясы пәтер ұрлығына күдікті азаматты анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, аталған қылмысты жасады деген күдікпен Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстаған.

1989 жылы туған И. есімді азамат терезе арқылы бөтен біреудің үйіне кіріп, одан жасырын түрде сейфті ұрлап кеткен. Ұрлық кезінде үй иелері болмаған, олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Отағасының айтуынша, ол – жеке кәсіпкер. Сейфінде 250 мың доллар болған. Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді, – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Сәйкес жаңалықтар

Инвестиции в интеллект: итоги реализации научных грантов в Казахстане за 2022-2025 годы

zd_admin

Freedom Finance готов к миру, но только после официального признания вины со стороны КазТАГ согласно закону

МВД: За порчу природных и исторических объектов предусмотрена уголовная ответственность

zd_admin