Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСпорт

Алматылық Евгений Кошкин Нидерландтағы халықаралық турнирде жеңіске жетті

Алматылық спортшы Евгений Кошкин Нидерландта өткен «Күміс шар» атты конькимен жүгіру спортынан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы қалалық Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

100 метр қашықтықта Кошкин 9,560 секунд нәтиже көрсетіп, бірінші орын алды.

Жарысқа әртүрлі елдерден келген ең мықты конькимен жүгірушілер қатысты. Маусымдағы халықаралық жарыстардың бірі саналатын турнир спортшыларды ірі әлемдік жарыстарға дайындауда маңызды алаң ретінде қызмет атқарады.

Айта кетейік, Евгений Кошкин бұл турнирде қатарынан екінші жыл жеңімпаз атанып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

«Инвестицияға тапсырыс»: Қазақстан бизнесі мен агросекторы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады

Қазақстанға келген ресейліктер не істеп жүр?

Алматыда болашақтың спорты қалыптасады