Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Астанада бір күнде 18 қылмыс тіркелді

Фото: видеодан скриншот

Жаңа жыл мерекесінде Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап, күшейтілген қызметтік нұсқада жұмыс істеді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасалған жоқ. Соңғы тәулікте елордада 18 қылмыс тіркеліп, оның 9 ізі суымай ашылды. Полицияның «102» жедел жәрдем бөліміне азаматтардан 1265 шамасында қоңыраулар түскен. Бұл – негізінен түнгі тыныштықты бұзу.

Сондай-ақ, елорда жолдарында 27 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, зардап шеккендер мен қаза тапқандар болған жоқ. Көлікті мас күйінде басқарған 6 жүргізуші ұсталды.

Елордалық полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, заңсыз әрекеттерге бармауды, жол қозғалысы ережелерін сақтауды және жолда сақ болуды ескертеді.

Сәйкес жаңалықтар

Медиада АЭС референдумы жайлы жалған ақпарат тарап жатыр – министр

Заманбек Нұрқаділовтің ескерткіші қай жерде орнатылатыны белгілі болды

zamandas69@mail.ru

«Жаңа конституция – жарқын болашақ бастауы»: облыс әкімі аймақ жастарымен кездесті

zamandas69@mail.ru