Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Көкшетауда Pfizer вакцинасын салу басталды

Көкшетауда Pfizer вакцинасын салу науқаны басталды, деп хабарлайды zamandas.kz облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынған Pfizer вакцинасы 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге, жүкті және бала емізетін аналар салынады.

«Бүгін «Viamedis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және Көкшетау қалалық емханасында 12 жастан 18 жасқа дейінгі 16 жасөспірім, 1 жүкті және 1 лактация кезеңінде әйел вакцина алды. Вакцинация-көптеген жұқпалы аурулардан қорғаудың жалғыз жолы», – деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысына 35 мың дана Pfizer вакцинасы жеткізілген еді. Аталған вакцина ең алдымен балалар, 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жүкті әйелдерге (16-37 аптадағы жүктілік мерзіміндегі аяғы ауыр келіншектерге), босанғанына 42 күн толған бала емізетін аналарға салынатын болады.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды zamandas.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БАС ҚАЛАДА СЫР ӨҢІРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ!

Геннадий Головкин рингке қайта оралуы туралы мәлімдеме жасады