Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Мемлекет басшысы Asia Infrastructure Solutions Singapore компаниясының төрағасы Вонг Хэн Файнды қабылдады

фото:Ақорда
Кездесуде Alatau City жобасын жүзеге асыру перспективасы талқыланды,-деп хабарлайды zamandas.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вонг Хэн Файн шетелдің инвестициясын, технологиясын және білім әлеуетін тарта отырып, Алатау қаласын тиімді дамыту жөнінде егжей-тегжейлі пікір алмасты.

Президент сингапурлық Surbana Jurong компаниясымен бірлесе дайындалған Алатау қаласының Бас жоспары биыл мамыр айында қабылданғанын айтты.

Мемлекет басшысы осы тектес жобаларды жүзеге асыруда Вонг Хэн Файнның мол тәжірибесі бар екенін атап өтті. Сондықтан оның бас консультант ретінде берген ұсынымдары халықаралық бизнес-хабқа айналуды көздейтін жаңа қаланы жобалау және салу ісінде нақты нәтижеге ұласатынына сенім білдірді.

 

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстандықтар оқулықтар мазмұнын талқылауға қатыса алады

Күш құрылымдары арасында футболдан VII республикалық турнирдің финалын өткізу туралы

Алматының жаңа спорт нышаны: қалада УЕФА талаптарына сай 45 мың орындық стадион салынып жатыр