Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовке анасы Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Анаңыз – қадірлі Огулабат Бердімұхамедованың қайтыс болғаны туралы қаралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Огулабат эдженің өмір жолы өз Отанына және халыққа деген шынайы сүйіспеншіліктің, сондай-ақ даналықтың, рухани байлықтың және үлкен мейірімділіктің үлгісі саналады. Орны толмас қайғыңызға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарыңызға көңіл айтамын», деп жазылған жеделхатта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке көңіл айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан NVIDIA-ның физикалық жасанды интеллект жөніндегі өңірлік орталығын құруды ұсынды

Сайлауалды науқанда басты назар – еңбек адамы: партиялар мұғалімдерге, дәрігерлерге және өндіріс қызметкерлеріне не ұсынады?

zamandas69@mail.ru

Ұлттық нейрохирургия орталығының дәрігерлері ең күрделі операциялардың бірін сәтті жүргізді