Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Ресейде YouTube бұғатталуы мүмкін — БАҚ

Фото: © РИА Новости
Роскомнадзор Ресейде өткен аптада YouTube-ті бұғаттауы керек еді, бірақ Instagram-ның бұғатталуына байланысты шешім кейінге қалдырыдған болатын. Сондықтан бейнехостингке шектеу жақын күндері, бәлкім, бүгін де болуы мүмкін, — деп хабарлайды РИА Новости.

«Келесі аптаның соңына қарай YouTube бұғатталады. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Осы аптада бұғатталуы керек еді, бірақ Instagram  бұғатталатын болғандықтан шешім кейінге қалдырылды», — деді дереккөз.

Сонымен бірге, ақпарат беруші бөгет бүгін де орын алуы мүмкін екенін айтты. Ведомство Роскомнадзордан ақпаратты растауды сұрады.

11 наурызда желі қолданушылары ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақыруға рұқсат бергендіктен, Ресейде Instagram-ға кіруге шектеу қойылды. 14 наурыздан бастап әлеуметтік желі толығымен бұғатталды. Наурыз айының басында Роскомнадзор ресейлік БАҚ-қа кіруді шектегеніне жауап ретінде Facebook-ті бұғаттады.

12 наурызда YouTube ресейлік мемлекеттік ақпарат құралдарын бұғаттай бастады.

Сәйкес жаңалықтар

ОБНОВЛЕННАЯ КОНСТИТУЦИЯ – ОСНОВА УСТОЙЧИВОГО РАЗВИТИЯ СТРАНЫ

Теледебаты привлекли миллионную аудиторию – политолог

Арлан и Аслан Айткалиевы, родом из города Уральск, посетили Акорду