Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЗаң мен тәртіп

Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты – депутат

коллаж: Halyq Uni
Депутаттың жазбасына сүйенсек, Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сот үкімі шықты.

Бұл туралы депутат Ермұрат Бәпи Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Депутаттың айтуынша, Самат Әбіш 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылған.

26 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-бірінші орынбасары Самат Әбіш жабық соттың шешімімен 8 жылға шартты түрде сотталды, – делінген жазбада.

Еске сала кетсек, Самат Әбіш ұсталған ҰҚК экс-басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер болды. Өткен жылғы шілдеде ҰҚК одан куәгер ретінде жауап алынғанын хабарлады. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік органдары Самат Әбішке қатысты қылмыстық істі тіркеген жоқ, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасы тағайындалмады.

Биыл қаңтар айында Бас прокуратура Самат Әбішке қатысты іс сотқа берілгенін хабарлады. Онда мемлекеттік құпиялар бар, сондықтан тергеу деректері жария етілмейді.

Сәйкес жаңалықтар

Жошы ұлысы біртұтас қазақ халқы ретінде қалыптасуымыздың негізін қалады – Тұрсынхан Зәкенұлы

Тағы бір сталкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды

zamandas69@mail.ru

Смайылов Шымкентті дамыту жөнінде кеңес өткізді

zamandas69@mail.ru