Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Фото: lacrus.org

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамызда 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының «БРИКС плюс» диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.

Жиында мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.

Айта кетсек, БРИКС (BRICS) – 5 мемлекет құрған экономикалық топтастыруды білдіретін аббревиатура: Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және ОАР (Brazil, Russia, India, China, South Africa). Goldman Sachs инвестициялық банкі 2001 жылдың қарашасында алғаш рет ұйым атауын қысқартуды ұсынды. 2011 жылға дейін БРИК аббревиатурасы қолданылды. 2011 жылы 18 ақпанда Оңтүстік Африка Республикасының қосылуына байланысы, Үндістанның қаржы министрінің мәлімдемесі бойынша BRICS атауына ие болды.

Сәйкес жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери оркестрі Есіл жағалауын әуенге бөледі

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бағыттайды

Бүгінгі игі іс-шара – Мемлекет басшыларының достық қарым-қатынасы мен екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жемісі