Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяСпорт

Жәнібек қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен (21-0, 13 КО) жұдырықтасып, қарсыласын нокаутпен жеңді, – деп хабарлайды zamandas.kz

Жекпе-жек Аустралияның Сидней қаласында өтті. 12 раундқа жоспарланған кездесу 9 раундта уақытынан бұрын аяқталды. Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша қазақстандық спортшы екі чемпиондық титулын (WBO, IBF) қорғады.

Ал Андрей Михайлович кәсіпқой рингтегі 22 жекпе-жегін өткізді. Бұл оның алғашқы жеңілісі. Қазір ол Халықаралық бокс федерациясы (IBF) рейтингінде 3-орында тұр.

Сәйкес жаңалықтар

В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года

Семьи погорельцев заселяют во временное жильё в Петропавловске

Более 19 тыс. км сетей отремонтировано в Казахстане: снижается износ и растет надежность ЖКХ