Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҒылым-Білім

Жас химиктер қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленді

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

 — Сауд Арабиясында IChO-2024 химиядан 56-ші халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Біздің барлық оқушымыз жүлделі орын иеленді, оның екеуі — ең жоғарғы марапат, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» орталығына сілтеме жасап.

International Chemistry Olympiad дүниежүзілік ең беделді топ-7 олимпиаданың қатарына кіреді.

білім
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Біздің құрама үшінші жыл қатарынан жоғары нәтиже көрсетіп келеді.

Биыл жас химиктер қос алтын, бір күміс және бір қола медаль иеленіп, 100% нәтиже көрсетті.

  • Ринат Илюсизов — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы;
  • Кирилл Ким — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Абылай Кабдулхадыр — Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ 11-сынып оқушысы;
  • Әділжан Молдағұл —Ақтау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.
медаль
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан құрама командасының жетекшілері: Азамат Жақсылықов және Санжар Бегдайыр — республикалық, халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Айта кетсек, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен құрама команда мүшелері бірнеше республикалық және халықаралық оқу-жаттығу жиындарына қатысып, 2024 жылғы Еуропа және Дүниежүзілік олимпиадаларда 100% нәтиже көрсете білді.

Халықаралық ірі олимпиадаларда жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің жоғары оқу орындарына конкурстан тыс грантпен оқуға түсуге мүмкіндік беріледі.

білім
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

 

Сәйкес жаңалықтар

«Жүзден астам ақын 8 күн айтыстық»: Қуаныш Мақсұтов айтыс өнерінің дәрежесін түсірген факторларды атады

zamandas69@mail.ru

Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады

Екібастұзда екі адамды тоқ соқты