Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Жеңіс Қасымбек астаналықтарға үндеу жасады

фото:ашық дереккөз

Жеңіс Қысымбек аудан әкімдіктеріне аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын атап өтті.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек ауа райына байланысты қала тұрғындарына үндеу жасады. 

Әкімнің айтуынша, түнгі уақытта жауған жаңбырдың салдарынан Астана жолдары көктайғақ. Қазір коммуналдық қызметтер жолдар мен тротуарларға құм-тұз қоспасын себуде. Олар түннен бастап жұмыс істеп жатыр.

“Оқыс жағдайға ұшырап, жарақат алмас үшін қарттар мен балалар көшеге шықпағаны жөн. Ал көлік иелері өте мұқият болуы және қашықтықты сақтауы қажет. Травматологиялық пунктердің жұмысы күшейтілді”, – деп ескертті Астана әкімі.

Жеңіс Қысымбек аудан әкімдіктеріне және МИБ/ПИК-ке аулалар мен қоғамдық орындарға инертті материал шашу тапсырылғанын атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Экс-министр Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды

Алматы облысында үш судья пара алды деген күдікке ілінді

«Төрлет, еңбек адамы!» атты республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті.