Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяОбщество

Жетісу облысында шенеунік кәсіпкерлерден пара алып келген

Фото: Halyq Uni

Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары кәсіпкерлерден пара алып келген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Антикордың Жетісу облысы бойынша департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаментімен бірлесіп, Жетісу облысы Көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының заңсыз қызметінің жолын кескен.

Ол өзінің сенімді адамының делдалдығымен облыс аумағында жүк көлігінің кедергісіз жүріп-тұруы үшін кәсіпкерлерден жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінді. Ай сайынғы сыйақы сомасы – 1 автокөлік үшін 50 мың теңге, – делінген хабарламада.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстанский паспорт обогнал всех соседей по региону в рейтинге Henley 2026

«Астана становится важной международной площадкой для крупных культурных и мультимедийных проектов» — комиссар выставки Ольга Риго

Уровень доверия казахстанцев Президенту остается высоким – соцопрос