Халық саны туралы жаңа деректер жарияланды

0
285

Ұлттық статистика бюросы халық саны бойынша соңғы мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі халық саны 19 миллион 854 мың 83. Олардың  12 миллион 276,3 мыңы қалада тұрса, 7 миллион 577,7 мыңы ауыл тұрғындары.

Әйелдер саны — 10 161 470. Ерлер саны — 9 692 613.
Статистика мәліметтері бойынша, 2023 жылы мамыр айына дейін 93 538 сәби туған. Ал 32 624 адам қайтыс болған. Табиғи өсім көрсеткіші 60 914.
Осы уақыт аралығында 7 680 адам көшіп келіп, 2 664 адам көшіп кеткен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз