Халық сенімі – басты құндылық

0
113

Еліміз жаңа саяси бетбұрыстың алдында тұр. 19 наурыз күні өтетін Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы – осы бағыттағы үлкен қадам болмақ. Саяси додаға түсуге бел буған жеті партия құрылтайларын өткізді. Канди­даттар ресми тіркелді. Нағыз саяси тартыс енді қыза түспек. Үгіт-насихат кезеңі бас­талысымен, үміткерлер жұрттың алдына шығып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып жатыр. Іске сәт!

Демократиялық негіздерге бағыттал­ған сайлау нәтижесі мемлекетіміздің тұғырын нығайтып, халқымыз­дың әл-ауқатын жаңа деңгейге көтеруге сеп болар деген сенім мол. Себебі халық үлкен өзгерістерден сапалы нәтиже күтеді. «Бұл ән бұрынғы­дан өзгерек» демекші, бұл сайлаудың ерекшелігі көп. Саяси науқан нағыз Жаңа Қазақстанның алғашқы көрінісі деуге толық негіз бар. Себебі енді халық қалаулылары пропорционалды-мажоритарлық жүйе бойынша сайланады. Бұл үрдіс елімізде саяси бәсекелестік ортаны қалыптастырып, жаңа тұлғалардың саясатқа араласуына жол ашатыны анық. Елдің болашағына бейжай қарамайтын, сая­си оқиғаларды ақылмен саралайтын азаматтар өзін-өзі ұсынып, додаға түсіп жатыр.

Саяси тартыс басталып кетті. Қайда бар­саң да, елдің аузында сайлау жайлы әңгіме. Пар­тия­лық тізімдерін өткізген еліміздегі бар­лық 7 партия әр дауыс үшін күресуге ниетті. Жаңа­дан тіркеліп, саяси аренаға енді қадам бас­қан партиялардың өзі халықтың ыстық ықы­л­асына, зор сеніміне ие болатынын айтып, бәсекелестіктің шоғын үрлей түсті. Жақтастары көп, бұған дейінгі сайлауларда мол тә­жі­рибе жинап үлгерген партиялар да қа­рап қал­масы анық. Не десек те, әр дауыс ауадай қажет. Ол үшін халықтың сеніміне ие болу маңызды.

Орталық сайлау комиссия­сы­ның кезекті отырысында сая­си науқандағы маңызды мәселе­­лер талқыланды. ОСК төра­ғасы Нұрлан Әбдіров сайлау үде­­рістеріне елеулі қоғамдық қы­зы­­ғушылық пен белсенділік, сондай-ақ ағымдағы сайлау нау­қа­нында жоғары бәсекелестік аза­­маттарға өзін өзі ұсынуға мүм­­­­кіндік беретін сайлау заң­на­ма­­­сының жаңалықтарымен ерек­ше­­­ленетінін атап өтті.

Парламент Мәжілісі мен мәс­лихаттарының депутат­тығына кандидаттарды бірман­дат­тық ок­ругтер бойынша тіркеу қоры­тын­дылары туралы Орталық сай­лау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Ол 29 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Пар­ламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша 609 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Атап айтқанда, 7 саяси партиядан 79 кандидат, төрт қоғамдық бірлестіктен 5 кандидат тіркелді, ал 525 үміткер немесе кандиттардың 86,21%-ы өзін-өзі ұсынушылар болды. 29 сайлау округі бойынша Парламент Мәжілісінің депутат­ты­ғына кандидаттарды тіркеу қорытындылары келесідей: 435 кан­дидат тіркелді, яғни бір ман­датқа 15 адамнан келеді. Ең жо­ғары бәсекелестік Астана қала­сын­да, бір мандатқа 41 және 42 кандидаттан, сондай-ақ Алматы қаласында бір мандат үшін 37, 33, 34 кандидаттан тіркелген. Ең азы – Түркістан облысының №25 округінде тіркелді, олардың саны 5 кандидат.

Өзін-өзі ұсыну тәртібімен 359 кандидат тіркелді, бұл жалпы тізімнің 82,53%-і, саяси пар­­тиялардан 76 кандидат өтіп, 17,47% болды. Тіркелген кандидаттардың 350-і немесе 80,46%-ы ерлер, 85-і немесе 19,54%-ы әйелдер. Орташа жасы – 49,34 жас. Кандидаттар арасында 10 этностың өкілдері бар.

Аудандық сайлау комиссиялары ұсынған мәліметтер негізінде ұсынылған 609 кандидаттың 45-і тіркелгенге дейін жеке өтініштері негізінде алынып тасталғаны, 435 кандидаттың тіркелгені, 125 кандидатқа тіркеуден бас тар­тыл­ғаны және 4 кандидаттың тіркелуі жойылғаны анықталды.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сай­лау комиссияларының мәлімет­те­ріне сәйкес бір мандатқа 10 288 кандидат немесе 3-тен астам адам тіркелді: облыстық, рес­­пуб­ликалық маңызы бар қала­лар­дың және Астананың 334 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәсли­хат­­тарға үміткер болып
1 451 кан­дидат тізімге енді, қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 2 114 кандидат, аудандық мәс­ли­хат­тарға 6 723 кандидат тір­келді. 6 359 кандидат немесе 61,81% өзін-өзі ұсыну тәртібімен, 3 929 кандидат немесе 38,19% әртүрлі саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер атынан сая­си додаға түсіп отыр. Тіркелген кандидаттардың 7494 немесе 72,84%-ы ер адамдар, 2794 немесе 27,16%-ы әйелдер. Орташа жасы – 42, 64 жас. Кандидаттар арасында 39 этностың өкілдері бар.

Сондай-ақ отырыс шеңбе­рінде аумақтық сайлау комис­сия­ла­рының ағымдағы науқанның барысы және бірмандаттық аумақ­тық сайлау округтері бо­йын­ша барлық деңгейдегі мәсли­хат­т­ар депутаттығына канди­дат­тар­ды тіркеу қорытын­ды­лары туралы есептері тың­далды.

ОСК төрағасы кандидаттарды тіркеу рәсімдері конституциялық нормаларға сәйкес жариялылық және ашықтық қағидаттарында жүргізілгенін атап өтті. Сайлау ко­миссиялары азаматтардың кон­­с­­­титуциялық құқықтарын іске асыру үшін қажетті шаралар қа­был­дады.

Нұрлан Әбдіров күн тәртібін­дегі екінші мәселе Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутатты­ғына кандидаттың сайлау алдындағы үгітті жүргізуге жұм­сайтын шығыстарының мөл­шерін белгілеумен байланысты екенін айтты.

Осы мәселе бойынша Орта­лық сайлау комиссиясының мү­шесі Сәбила Мұстафина баян­дама жасады. Ол «Қазақстан Рес­­публикасындағы сайлау тура­лы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәй­кес мемлекет кандидаттарға өз бағ­дарламаларымен шығу үшін қаражаттың тең бөлінуіне кепіл­дік беретінін хабарлады. Қа­ра­жат бөлу тәртібі мен көлемін Орталық сайлау комиссиясы ай­қын­дайды.

Осылайша, Қазақстан Респуб­ли­­касы Парламенті Мәжілі­сінің де­­путаттығына кандидаттар үшін партиялық тізімдер бо­йын­­ша кан­дидаттардан басқа шығыстар мөлшері 950 мың теңге көлемінде белгіленеді. Оның 450 мың теңгесі теледидардан және радиодан бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға, 300 мың теңгесі сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шыға­руға, 200 мың теңгесі көлік шы­ғыс­­тарына арналған.

Облыстар, республикалық ма­ңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының депутат­ты­ғына кандидаттар үшін пар­тия­лық тізімдер бойынша кандидаттардан басқа 550 мың теңге көлемінде шығыстар мөлшері белгіленеді. Оның ішінде: 350 мың теңге – теледидардан және радиодан бағдарламаларын таныстырып сөз сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында 2 мақала жа­рия­лауға, 130 мың теңге – сайлау алдындағы жария іс-шара­ларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға, 70 мың теңге – көлік шығыстарына жұмсалады.

Қалалық мәслихаттардың де­путат­тығына кандидаттар үшін шығыстар мөлшері 350 мың теңге көлемінде белгіленеді. Оның ішінде: теледидардан және радио­дан бағдарламаларымен сөз сөй­леуге, сондай-ақ мерзімді баспа немесе желілік басылымдарында 2 мақала жариялауға – 200 мың теңге, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға – 100 мың теңге және көлік шығыстарына – 50 мың теңге бөлінеді.

Аудандық мәслихаттардың де­путат­тығына кандидаттар үшін 350 мың теңге көлемінде шы­­ғыс­­тар мөлшері белгіленеді. Оның ішінде: теледидарда және радиода бағдарламаларымен сөз сөйлеуге, сондай-ақ мер­зім­ді бас­па немесе желілік басылымдарында 2 мақала жа­рия­лауға – 200 мың теңге, сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығаруға – 100 мың теңге және көлік шығыстарына – 50 мың теңге қарастырылған.

Күн тәртібіндегі үшінші мәсе­ле бойынша Орталық сайлау ко­мис­сиясының хатшысы Мұхтар Ерман сөз сөйледі.

Ол халықаралық байқау инс­­­титуты ашылғаннан бері 10 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйым­нан 82 байқаушы аккредит­тел­генін хабарлады. Бүгін аккредиттеуге 1 шет мемлекет пен 1 халықаралық ұйымнан 15 бай­­қау­­шының кандидатуралары ұсы­­нылды. Олардың арасында Иран Ислам Рес­пуб­ли­касынан 1 байқаушы және Тә­уел­сіз Мемлекеттер Достас­ты­ғының бай­қаушылар миссиясынан 14 кандидатура бар.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ