Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

«Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп, «Игі істі бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.

Бастама мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық пен волонтерлік қызметті дамытуды көздейді.

Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын насихаттауға бағытталған.

Қатысу үшін игі іс жасау сәтін фото немесе видеоға түсіріп, #ИгіІстіБөліс және #ПоделисьДобром хэштегтерімен әлеуметтік желілерде бөлісу жеткілікті.

Флешмоб шарттары туралы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Амал мерекесіне арналған мерекелік шара өтті

Шымкентте киберполицейлер ірі интернет-алаяқтық схемасын анықтады

Тимур Сүлейменовтің жетекшілігімен АҚШ Сауда палатасының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

zamandas69@mail.ru