ІІМ түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады

0
78
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі түлектер мен ата-аналарға үндеу жасады,

 Бұрын хабарланғандай, соңғы қоңырау кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін әр мектепке жауапты полиция қызметкерлері бекітілді. Барлығы 10 мыңға жуық полицей және 2,5 мың қызметтік көлік жұмылдырылды. Ескертулерге қарамастан, бірқатар өңірде мектеп түлектерінің қатысуымен құқықбұзушылықтар тіркелді. Мысалы, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Боранқұл ауылында түлектер арасында топтық жанжал болды. Полиция дереу бұл фактінің жолын кесті. Сондай-ақ бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Зардап шеккендер жоқ. Бұдан басқа, Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы және Түркістан облыстарында автокөлік кортеждерінің жол жүрісі қағидаларын бұзу фактілері анықталды. Барлық кінәлі жүргізушілер мен жолаушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналар мен түлектерді мінез-құлықтың қажетті нормалары мен ережелерін сақтауға шақырамыз, – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, биыл шамамен 3,9 млн оқушы оқу жылын бітірсе, оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасты. 11-сынып үшін қорытынды емтихандар 28 мамыр-11 маусым аралығына жоспарланған

ПІКІР ҚАЛДЫРУ