ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕСУДІҢ ЖОЛЫ ҚАНДАЙ

0
149

2024 жылдың басынан бастап Астанада танымал WhatsApp мессенджерін қоса алғанда, әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жыл басынан бері 1800 жағдай анықталған. Қазіргі алаяқтар банк карталарынан ақша алудың жаңа және күрделі тәсілдерін тапқан. Сондықтан цифрлық технологиялар әлемінде сіздің қаржылық құралдарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.

«Астана қаласында интернет алаяқтықтың алдын алу маөсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге құқық бұзушылықтарға қарсы «anti-fraud» және «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шаралары өткізіледі. Бүгінде тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше мән берілуде. Сонымен қатар халық жиі жиналатын орындарында түсіндірме парақшаларын тарату, алаяқтардың схемаларын әшкерелейтін шаралар жүргізілуде» – Астана қаласының полиция департаменті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз