Ипотека қаншалықты қолжетімді?

0
385

2022 жылдың қорытындысы бойынша, бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтылу көрсеткіші 23,4 шаршы метрді құраған. БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес бұл көрсеткіш 30 шаршы метрден асуы тиіс. Біздің елдегі баспана алудың бірегей жолы – ипотека және бұл заңдылықтың жақын арада өзгере қоюы екіталай.

Дегенмен біздегі коммер­циялық ипотека айтарлықтай қымбат болып шықты. Мыса­лы, қалыпты ипотека­ны, яғни банктердің серіктес бағдарла­малары мен жеңілде­тілген мем­лекеттік бағдарламаларына кір­мейтін және тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне жатпайтын ипоте­ка­лық несие берумен бізде 12 екінші деңгейлі банк айна­лысады. Бұл сегменттегі ең төменгі ЖТСМ 14,9%-дан («Центр­Кредит банкі») 26,5%-ға (Қазақстандағы Қытай Банкі) дейін ауытқиды. Бұл мөлшер­лемелердің жоғарылығы сонша, аталған тәсілмен үй алатын қазақстандықтар тым аз.

Сонымен қатар кейбір банк­тер өз өнімдерін жетілдіріп, серік­тес бағ­дарламалар әзірлейді. Қазір елдегі 4 банк құрылыс компа­ниялары­мен серіктес ипотека ұсынып отыр.

вар

«Бұл сегменттегі ең төменгі мөлшерлемені Altyn Bank екі ми­нутта мақұлдайтын цифрлық ипо­теканың бөлігі ретінде BI Group-пен бірлескен «Оңай» бағдарламасын ұсынады: несие мерзіміне байланысты ЖТСМ 0,1%-дан басталады. Сонымен қатар банк наурыз айы бойы акция өткізіп, мөлшерлемені 4,5%-ға төмендетеді. Одан кейін BI Group-пен бірлескен ипотекалық бағ­дар­лама ұсына­тын, ЖТСМ 0,2%-дан басталатын «Фридом Финанс Банк» тұр. «ЦентрКредит банкінде» құрылыс компанияларымен серіктес бағдарламалары аясын­дағы мөлшерлеме 5%-дан басталады (ЖТСМ 5,1%-дан басталады). Halyk Bank-те BI Group-пен бірлескен бағдарлама бойынша мөлшерлеме 4,6%-дан басталады (ЖТСМ 6,7%-дан бастап), ал Bazis-A-да – 18%-дан бастап (ЖТСМ 20,4%-дан бастап)», деп жазады Ranking.

Төрт банктің үшеуі – Altyn Bank, «ЦентрКредит банкі» және Halyk Bank – тұрғын үй құнының 20%-ынан бастап, Фридом Финанс банкі – 30 пайыздан басталатын бастапқы жарнасын сұрайды. Altyn Bank және Halyk Bank-те ипотеканың ең жоғары мерзімі – 240 айға дейін, «ЦентрКредит банкі» мен «Фридом Финанс банкінде» – 180 айға дейін.

Ипотеканың ең үлкен максималды сомасын «Фридом Фи­нанс банкі» (200 млн теңгеге дейін), одан кейін «ЦентрКредит банкі» (100 мл теңгеге дейін) және Altyn Bank (80 млн теңгеге дейін) ұсынады. Halyk Bank шекті соманы көрсетпеді.

Сонымен қатар биыл жыл басында тұрғындарға тұрғын үй салуға және сатып алуға берілген несиелер (ипотекалық несиелер) 4,86 ​​трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 39,3%, ал он жыл бұрынғыдан бірден 5,3 есеге артық. Бұл қазірдің өзінде ел экономикасына берілген барлық несиелердің 21,3%-ын құрайды, бір жыл бұрын көрсеткіш – 18,9% және он жыл бұрын 9,2% ғана болған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ