Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарКәсіп

Ірі қара мал бордақылау алаңы іске қосылды

«Терра Ақжайық» ЖШС Батыс Қазақстан облысында бір мезгілде қуаттылығы 15 000 бас ірі қара мал бордақылау алаңын іске қосты.

2024 жылдың қаңтарында Австралияның сарапшылары кешенге келді, олардың сараптамалық ұсыныстары негізінде шаруашылықта кешенді қалпына келтіру және 15 мың басқа кеңейту жұмыстары жүргізілді.

Қараша айынан бастап кешенде шаруашылықтардан бұқашықтарды қабылдау басталды.

Жаңа нысанның ашылуы мал шаруашылығын дамытуға және өңірде жұмыс орындарын құруға ықпал ететін болады.

Алдағы жылдары инвестор ет өңдеу кешенін іске қосуды жоспарлап отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Қызылордада шыны ыдыстар өндіретін зауыттың іргетасы қаланды

Алматыға 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді

Уфада «Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» атты көрме ашылды