Іріктеу жарыстарының үздігі — Ұлттық ұлан академиясының командасы

0
9

Солтүстік Қазақстанды ұлттық спорт түрі — қазақ күресінен ҚР ІІМ чемпионатында кім таныстыратыны Петропавл қаласындағы “Береке” спорт кешенінде анықталды. Мұнда облыстың құқық қорғау құрылымдары қызметкерлері арасында іріктеу жарыстары өтті.

Ұйымдастырушылар — СҚО ПД-ның арнайы және кәсіби даярлық басқармасы мен “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамы.

Жарысқа 19 команда құрамында 69 қызметкер қатысты. Олардың қатарында облыстық полиция департаменті мен оның бөлімшелері, ҚР Ұлттық ұланы академиясы, әскери бөлімдер және шекара қызметінің өкілдері болды. Белдесулер сегіз салмақ дәрежесінде өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша полиция командалары екінші және үшінші жүлделі орындарды иеленді. Бұл нәтижеге СҚО ПД және жедел әрекет ету арнайы жасағының командалары қол жеткізді. Іріктеу жарыстарының үздігі — Ұлттық ұлан академиясының командасы.

Жалпы полицейлер төрт салмақ дәрежесінде үздік нәтиже көрсетті. 100 келіден жоғары салмақта алтынды СҚО ПД қызметкері Әділ Қаиров жеңіп алды. 90 келіге дейінгі салмақта жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері Илья Масенко жеңімпаз атанды, 82 келіге дейін — СҚО ПД өкілі Бекасыл Ермахан. Ал 66 келіге дейінгі салмақта жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері Қабылбек Баққали алтын иеленді.

Полицейлердің айтуынша, мұндай жарыстар қызметкерлердің дене дайындығын арттыруға және ұлттық күресті кеңінен насихаттауға бағытталған. Жеңімпаздар Тараз қаласында өтетін ҚР ІІМ чемпионатында Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ