Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді

фото:видеодан скрин

20 желтоқсанда ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросымен халықаралық іздеуге жарияланған 37 жастағы ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға  жеткізілді, деп жазады Zamandas.kz

2020-2021 жылдар аралығында ол мемлекеттік органдарға жұмысқа кіруге көмектесу сылтауымен ел азаматтарының қаражатын иемденген. Ақшаны алғаннан кейін күдікті республика аумағынан кетіп қалған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ІІМ Интерполының сұрауымен күдікті Дубайда ұсталды. БАӘ-нің құзыретті органдары оны біздің елге беру туралы шешім қабылдады.

Сәйкес жаңалықтар

Алматының ұлттық экономикадағы рөлі артып келеді

Әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ойындарын ұйымдастыру жиілеп кетті

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің басты міндеті болып қала береді