Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіпҚоғам

20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеп жіберген (видео)

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды zamandas.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін 2 айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде 2,5 млн адамның баспанасы жоқ

Астанада осы демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері басталады

Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді