Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
РуханиятСпорт

5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА 21 СПОРТ ТҮРІНЕН 97 МЕДАЛЬ ЖИЫНТЫҒЫ САРАПҚА САЛЫНАДЫ

Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Оның ішінде, жаттықтырушылар, спортшылар, мәдени және ғылыми жобаларға қатысатын адамдар кіреді. Бұл туралы ОКҚ қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев хабарлады.

«Ойындарда 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны – 581 дана. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры – 250 млн теңге», – деді спикер.

Ғылыми бағдарламаға 12 елден 75 қатысушы тіркелген. Ғылыми конференция 9 қыркүйек күні өтеді. Ал этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара ұйымдастырылады.

Сәйкес жаңалықтар

Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласындағы Олимпиадалық стадионда U18 санаты бойынша жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Орталық Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Халықаралық додаға Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінен 250-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс барысында спортшылар жеңіл атлетиканың 39 дисциплинасы бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының спортшысы Мұрат Нұрболсын 3000 метр қашықтықта жоғары нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Ол жарыстың алғашқы сәттерінен бастап көш бастап, мәреге дейін қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жетті. Жас спортшы бұған дейін де республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғап келеді.

Жошы Ұлысының 800 жылдығына арналған көрме ашылды

Астанада «Адамзаттың бәрін сүй!» атты республикалық ақындар айтысы өтті