Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

80-нен аса телеграм арна бұғатталды

Фото: Halyq Uni

Синтетикалық есірткіні жарнамалаған 80-нен аса телеграм арна бұғатталды, деп хабарлайды zamandas.kz Halyq Uni.-не сілтеме жасап.

Бас көлік прокуратурасы ақпаратына сәйкес, әлеуметтік желілерді бақылау барысында синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналар анықталған.

Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 80-ден астам телеграмм арналары бұғатталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп, бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастырады.

Сәйкес жаңалықтар

Имандылықтың ұясы деп есептелетін ауылдық жерде екі есе артып отыр

Жыл басынан бері Отбасының цифрлық картасы арқылы 1,2 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

Адам өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық