Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасына келісім берді

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанындағы өңірлік спорт басқармаларының басшыларын тағайындау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына ұсынылған кандидатура қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша комиссия мүшелері Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың кандидатурасына келісім берді.

Үміткердің спорт саласындағы кәсіби тәжірибесі, басқарушылық қабілеті және өңірдегі спортты дамытуға қатысты ұстанымы комиссия тарапынан жан-жақты зерделеніп, оң шешім қабылданды.

Кандидаттарды жергілікті атқарушы органдар ұсынады, ал тағайындау тек ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы комиссияның мақұлдауынан кейін жүзеге асырылады.

Сәйкес жаңалықтар

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Кирилл Кекер қызметінен кетті

Түнде ұйықтай алмайтындарға арналған кеңестер

zamandas69@mail.ru

Көкшетау: 2026 жылға арналған қаланы дамыту басымдықтары

zamandas69@mail.ru