Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЭкономика

Абай облысында заманауи ет комбинаты салынып жатыр

Өңірде агроөнеркәсіптік сектордағы ең ірі нысандардың бірі болатын ірі ет өңдеу кешенінің құрылысы жалғасуда. Кәсіпорын жылына 11 400 тоннаға дейін ет пен ет өнімдерін өңдеуге бағытталған.

Жобаны «Eurasia Agro Semey» ЖШС жүзеге асыруда, инвестицияның жалпы көлемі 7,7 млрд теңгені құрайды. Жаңа өндірісте консерві, шұжық өнімдері, жартылай фабрикаттар және ет деликатестері шығарылатын желілер жұмыс істейтін болады.

Комбинаттың қуаттылығы бір ауысымда 70 бас ірі қара және 700 бас ұсақ мал өңдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауысымына 3 тонна шұжық өнімдері және 5 тонна консерві өндіретін цехтардың ашылуы қарастырылған.

Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жыл соңына дейін ғимараттың көтергіш қаңқасын тұрғызу, шатыр орнату және қабырғаларды сэндвич-панельдермен қаптау жоспарланған.
Ет комбинатын толықтай іске қосу келесі жылдың тамыз айына жоспарланып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Машинкада басылған алғашқы туынды

Қатар инвесторы Tele2/Altel операторын 1,1 млрд долларға сатып алады

Ұлттық банк басшысы Азат Перуашевтің сынына жауап берді