Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

Адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырған.

Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын терроризмді насихаттаған.

14 тамызда ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың біріне қатысты терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды.

Ол мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырған.

Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді. Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам сотталған.

Сәйкес жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ойындарын ұйымдастыру жиілеп кетті

Шекарадан өзге адамның құжатымен өтпек болған

«Дөнер әпер деген»: спорт мектебінде көз жұмған балаға қатысты тың ақпарат шықты