Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғам

Айдос Сарым: Халық кеңесі Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығының тағы бір тірегіне айналады

Айдос Сарым пропорционалдық жүйенің артықшылықтарын атады

Айдос Сарым: Халық кеңесі саясаткерлер үшін таптырмас мүмкіндік береді

Конституциялық реформа: Қазақстан азаматтарының заңнамалық бастамалар мүмкіндігі 2 есеге жуық артады

МәжілісдепутатыАйдос Сарым жаңа бірпалаталы Парламент–Құрылтайдықалыптастырудапропорционалдықжүйесінқолдайтынын айтты.Конституциялықреформажөніндегікомиссияныңбесіншіотырысындабұл жүйенің нақтыартықшылықтарын да атап өтті.

Ол ҚР жаңа Конституциясының жобасына сәйкес болашақ Құрылтай бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалдық өкілдік жүйе бойынша құрылатынын айтты.

«Партиялық-пропорционалдықжүйегекөшуазаматтарымыздың мүмкіндігін азайтады, олардыеліміздіңжоғарғызаң шығарушы органынасайлануқұқығынанайырадыдегенпікірлер бар. Менің ойымша,бұлөте жаңсақ пікір, қате түсінік»,-дедіАйдос Сарым.

ОлқазіргіуақыттаБельгия,Испания,Финляндия,Швейцария,Болгария,Швеция,Норвегия,НидерландысияқтыЕуропаелдеріндепартиялық-пропорционалдықсайлаужүйесі жұмыс жасап жатқаны, сондай-ақ  мұндай жүйенің Аргентина,Бразилия,Боливия,Эквадор,ИзраильжәнеИндонезиядадақолданылатыны жөнінде мәлімет берді.

«Бұл елдердің сайлаушылары, заң шығарушылары мен заңгерлері осы жүйе азаматтарының сайлау немесе сайлану құқығын қандай да бір түрде кемсітеді деп санамайды. Бұл қалыпты, салауатты халықаралық тәжірибе», – деп түсіндірді депутат.

Айдос Сарым сарапшылар атап өткен пропорционалдық жүйенің мажоритарлық жүйемен салыстырғандағы нақты артықшылықтарын санамалап берді:

– әділет факторы – партиялар сайлаушылар олар үшін қанша дауыс берсе, Парламентте сонша орын алады. Мажоритарлық депутаттар жұмыс істеп тұрған фракцияларға қосылу арқылы халықтың қалауын бұрмалай алмайды;

– қатысу факторы – жүйе әртүрлі азшылықтардың, соның ішінде жастар, әйелдер және ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың біркелкі өкілдігін қамтамасыз етеді;

– идеология факторы – әр сайлау циклінде азаматтардың партиялық қалауы туралы нақты белгілер бар;

– көппартиялылық факторы – қоғам елдегі және өңірлердегі идеялық және саяси бәсекелестікті күшейтуге мүмкіндік алады;

– орнықтылық факторы – жүйе диалогқа, ымыраға келу және келісу жолдарын іздеуге ықпал етеді;

– келу факторы – жүйе азаматтардың сайлауға белсенді қатысуына ықпал етеді, өйткені өкілдік нақты қолдауды анық көрсетеді.

СоныменқатарАйдосСарымХалықкеңесі ішкі саяситұрақтылықтыңтағыбіртірегіне айналатынын, құрамынаазаматтыққоғамныңкеңспектрінжәнеіріҮЕҰтартатынорганболатынын атап өтті.

«Кеңесәлеуметтікбелсендіазаматтарғашешімқабылдаупроцесінезаңдыжәнеашық түрде қатысуға, Құрылтайдыңдепутатыболмай-ақөзидеяларыменбастамаларын іске асыруға мүмкіндік береді»,-дедідепутат.

АйдосСарымныңпікірінше,болашақта Халықкеңесісаясаткерлер– болашақПарламентдепутаттарыүшіналаңжәнежоғары көтерілу  серпініболаалады.

«Шын мәнінде, халық өкілдерінің заңнамалық бастамалары мен ұсыныстарының мүмкіндігі екі есеге жуық артады. Бұл азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуының айқын көрінісі”, – деп атап өтті депутат.

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Уфада «Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» атты көрме ашылды

Қазақстанның «Қорлар қоры» 95 млн доллар тартып, ЖИ-жобаларын қаржыландыруды бастады