Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураОбщество

Айгүл Кемелбаева – қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, әдебиетші, кинодраматург Айгүл Кемелбаеваның шығармашылығына арналған «Қазіргі заманның прозасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға еліміздің белгілі әдебиеттанушылары, ақын-жазушылары, сыншылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Кеш барысында қатысушылар жазушының шығармашылығы туралы өз ойларын бөлісіп, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесін атап өтті.

Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтау хаты табыс етілді.

«Айгүл Кемелбаева – қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармалары ұлттық мәдениетіміз бен рухани мұрамыздың маңызды бір бөлігіне айналды. Әдебиетіміздің өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін, шығармашылық табыс тілеймін!»,-делінген құттықтау хатта.

Дөңгелек үстел аясында жазушының шығармашылығы кеңінен талқыланып, оның әдебиеттегі орны мен көркемдік ерекшеліктері жан-жақты талқыланды.

Сәйкес жаңалықтар

Конституционная реформа -основа долгосрочного развития страны

zamandas69@mail.ru

Молодежь Усть-Каменогорска вышла на акцию по очистке города от незаконной рекламы

zd_admin

Миссия СНГ отметила системную подготовку Казахстана к выборам в Курултай