Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықҚоғам

Айыппұл мөлшері 6 миллион теңгеден асып кеткен жүргізушіні тасжолда тоқтатты

Фото: polisia.kz

Түркістан облысында жергілікті тұрғынның төленбеген айыппұл сомасы 6 миллион теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz  облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қорғау – қауіпті жүргізуші»  автоматтандырылған  жүйесінен Түркістан облыстық Полиция департаменті Жедел басқару орталығына хабарлама түседі. Анықталған мәлімет бойынша  Алматы – Ташкент – Термез тасжолында 6 миллион 200 мың теңгеден астам айыппұл қарызы бар жүргізушінің көлігімен кетіп бара жатқандығы туралы хабарлама түскен. Осы ақпарат бойынша Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні тоқтатып, автокөлікті айып тұрағына жеткізді.

Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ

Сәйкес жаңалықтар

Олжас Бектенов құрылыс қарқынын сақтап, сапаны бақылауда ЖИ жобаларын жеделдетуді тапсырды

Көпбалалы отбасылар 390 млрд теңгеге жуық сомаға жәрдемақы алды

БАДАМ-195 ОРАМ ТҰРҒЫНДАРЫ ҚАЗАН АЙЫНДА ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

zd_admin