Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Алаяқ жеңілдетілген несие алуға көмектесемін деп азаматтарды алдаған

16 азаматты алдаған елорда тұрғынына қатысты үкім шықты.

Бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа   азаматтар ақша аударған.

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.

Мәселен, өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады.

 

Астана қаласының прокуратурасы

 

Сәйкес жаңалықтар

«Шетелде жұмысқа орналастырамыз»: азаматтарды алдаған компанияға қатысты іс қозғалды

Мемлекет басшысы Жұмыс тобымен бірге конституциялық реформаға қатысты негізгі тәсілдерді талқылады

Астаналық спортшы World Boccia Challenger 2025 турнирінің күміс жүлдегері атанды