Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Алматы облысында шағын автобус аударылып, төрт жолаушы қаза тапты

фото: Halyq Uni

12 маусымда Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 105-шақырымында адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы болды.

Алматы облысының ПД мәліметінше, Toyota Hiace жүргізушісі рөлді басқара алмай, көліктің аударылуына жол берген.

Апат салдарынан 4 жолаушы жол-көлік оқиғасы болған жерде қаза тапты. Жүргізуші мен тағы 2 жолаушы әртүрлі дене жарақаттарымен Шелек ауылының ауруханасына жатқызылды. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Ведомство жүргізушілерді рұқсат етілген жылдамдық режимін қатаң сақтап, жол ережелерін бұзбауға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада су тарифін өзгерту талқыланып жатыр

Қазақстанда жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау күшейтілді

Астанада ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға қандай қолдау көрсетіледі