Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетҚоғам

Алматыда Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті

ҚР Ұлттық кітапханасында Құрбанғали Халидұлының қолжазба мұрасын сақтау, зерттеу және ғылыми айналымға енгізу мәселелеріне арналған Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының VIII отырысы өтті.

Жиынға шығыстанушылар, түркітанушылар, тарихшылар, филологтар, ғылыми орталықтар мен жоғары оқу орындарының мамандары қатысты. Қатысушылар қолжазбаларды зерттеу, транскрипциялау, аудару және еңбектерді ғылыми басылымға дайындау мәселелерін талқылады.

Отырыс барысында «Тауарих-и хамса-и шарқи» («Шығыстың бес елінің тарихы») бес томдық еңбегінің III-V томдары, «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» ғылыми жинағы және шығарманың жинақталған нұсқасы таныстырылды.

Жиын соңында мамандар ұлттық жазба мұраны зерттеу мен сақтауға қатысты алдағы жұмыстың бағыттарын талқылады.

Сәйкес жаңалықтар

Астана спортшылары кезекті жүлдеге қол жеткізді

Маңғыстау облысының Бесшоқы ауылында балалардың улану себептерін тексеру – Үкіметтің бақылауында

Аида Балаева: Мемлекет отбасы ісіне тек баланың өміріне қатер төнген жағдайда ғана араласады

zamandas69@mail.ru