Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Алматыда бірқатар көрнекті тұлғалар мұрасына арналған көрме ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында биыл мерейтойы аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының 16 көрнекті өкіліне арналған көрме ашылды. Олардың қатарында Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Жұбанов, Сайын Мұратбеков және өзге де тұлғалар бар.

Көрме экспозициясына 350-ден астам баспа басылымы мен 200-ге жуық электронды материал қойылды. Кітапханаға келушілер мерейтой иелерінің өмірбаяны, кәсіби және қоғамдық қызметі жөніндегі мәліметтермен таныса алады. Мәдениет қайраткерлеріне жеке бөлім арналып, олардың театр, кино және музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі таныстырылды.

Көрмені ҚР Ұлттық кітапхана оқырмандары жыл бойы тамашалай алады.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан құқықтық сауаттылықты және заң көмегінің қолжетімділігін қалай арттырады

Мемлекеттік бағдарлама менің өмірімде шешуші рөл атқарды

Халықаралық қоғамдастықтың алдында тұрған негізгі мәселелерді шешу үшін діни көшбасшылардың күш-жігерін біріктіру басты назарда