Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетӨнер

Алматыда «Қиял vs Қадам» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті

Алматыдағы Almaty Polytechnic College-де Ozart продакшн компаниясы шығарған «Қиял vs Қадам» қысқаметражды анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті.

Көрсетілімге отандық анимация саласының өкілдері Тұрдыбек Майдан, Тілек Тілеуғазы, Ділшат Рахматуллин, фильмнің шығармашылық тобы, сондай-ақ колледж директоры Медет Омарбеков қатысты.

«Қиял vs Қадам» – арман мен нақты әрекеттің байланысын арқау еткен қысқаметражды 3D-анимациялық драма. Туындыда әлеуметтік желідегі алдамшы жетістік пен орындалмаған уәделер тақырыбы қозғалып, мақсатқа жету жолында жүйелі әрекет етудің маңызы көрсетіледі. Диалогсыз түсірілген фильмнің оқиғасы көркем бейнелер мен кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы өрбиді.

Жобаның ерекшелігі – фильмді жасауға колледж студенттерінің де атсалысуы. Олар 3D-модельдеу және анимация бойынша оқудан өтіп, алған білімдерін іс жүзінде қолдануға, анимациялық фильм өндірісінде тәжірибе жинауға мүмкіндік алды.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Жолдауындағы ұсыныстар – елдің демократия жолындағы практикалық қадамы

zamandas_kz

Үрімжі қаласында алғаш рет «Study in Kazakhstan» білім беру көрмесі өтті

zamandas_kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды

zamandas_kz