Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алматыда кезекті заңсыз нысан бұзылды

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің айтуынша, Сейфуллин даңғылы, 553/1 мекенжайында орналасқан ғимарат сүрілді.

Аталған нысан басқарма инспекторлары тарапынан қала құрылысы заңнамасының сақталуына жүргізілген бақылау барысында анықталған.

Инспекторлар атқарған түсіндіру жұмысының нәтижесінде меншік иесі нысанды өз еркімен бұзу туралы шешім қабылдады.

Ғимаратты бұзу жұмыстары меншік иесінің күшімен, мәжбүрлеу шараларын қолданбай жүзеге асырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада IT және ЖИ саласындағы кадрларды дамыту туралы Меморандумға қол қойылды

Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты

Өрт сөндірушілердің қызметі – бұл тек отпен күресу ғана емес, ең алдымен адам өмірін құтқару