Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Венгрияның Эгер қаласында Халықаралық World Boxing федерациясының қолдауымен дәстүрлі «Иштван Борнемисса мемориалы» халықаралық бокс турнирі аяқталды.

Айтулы жарысқа әлемнің 24 елінен 500-ден астам спортшы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстанның жастар құрамасы (U-19) командалық есепте бірінші орын алып, 15 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 6 алтын, 6 күміс және 3 қола жүлде бар. Ұлттық құраманың бас бапкері, Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жарыстың үздік жаттықтырушысы атанды.

Қазақстан құрамасының сәтті өнер көрсетуіне алматылық спортшылар да қомақты үлес қосты. 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әділ Асқанбай турнир жеңімпазы атанды. 90 келіге дейінгі салмақта Еркетаң Жарқынбек күміс жүлдеге ие болса, 55 келіге дейінгі салмақта Едіге Нұрғожа қола медаль

Сәйкес жаңалықтар

АҚМАРАЛ НАУАТБЕК — XVII ЖАЗҒЫ ПАРАЛИМПИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

zamandas69@mail.ru

Мемлекет басшысы теннисші Елена Рыбакинаны «Әлемнің бірінші ракеткасы» атағына ие болуымен құттықтады

Төл ойынымыз тоғызқұмалақты әлемнің 50-ден астам елі ойнайды – Мақсат Шотаев

zamandas69@mail.ru