Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алматылықтар бокстан Әлем кубогы кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing ұйымының қолдауымен өткен бокстан Әлем кубогының алғашқы кезеңі мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7 медаль (3 алтын, 1 күміс және 3 қола) олжалады.

Турнирдің басты қаһармандарының бірі алматылық спортшы Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Бразилияның қазіргі әлем чемпионын тізе бүктіріп, жоғары деңгейдегі дайындық пен тактикалық басымдық көрсетті.

Қазақстан құрамасына тағы бір алтын медальді Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг) салды. Финалда ол Бразилия өкілі Кауэ Белиниден басым түсіп, кездесуді толық бақылауда ұстады. Төрешілер шешімімен жеңіс 4:1 есебімен қазақстандық боксшыға берілді.

Алматылық Алуа Балқыбекова (51 кг) турнирді қола жүлдемен аяқтады. Ол жартылай финалда Қытай спортшысымен тартысты айқас өткізіп, 2:3 есебімен жол берді.

Осылайша, алматылық спортшылар ұлттық құраманың жалпы жетістігіне зор үлес қосып, халықаралық додада отандық бокс мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Айта кетейік, Әлем кубогының келесі кезеңі маусым айында Қытайда өтсе, ал серияның қорытынды жарыстары Ташкентте ұйымдастырылады.

Сәйкес жаңалықтар

Принятие Казахстаном программы «Дети Казахстана» высоко оценено ООН

zamandas_kz

«Шекарадан асып кеттік» – ғалымдар адамзатқа төнген қауіп жайлы айтты

zamandas_kz

Новая волна масштабной информационной кампании в поддержку новой Конституции стартовала в Казахстане

zamandas_kz