Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Алматының тау бөктеріндегі ірі құрылыс алаңы сот шешімімен сүріліп жатыр

«Жаңару» 556 ӨК-де блокты тұрғын үйлер бұзылады, деп хабарлайды Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы.

Үй құрылысы басталғанға дейін меншік иесіне (жеке тұлғаға) қатысты тау етегін кесіп, тірек қабырғасын заңсыз салғаны үшін нұсқама берілген еді. Кейіннен мәжбүрлеп орындау туралы талап-арызбен әкімшілік шара қолданылды.

Кейін қолдағы рұқсат құжаттарына сәйкес меншік иесі бау-бақша үйлерін салуға кірісіп, екі блокты тұрғын үй салған. Құрылыс аяқталған соң меншік иесі нысанды бау-бақша үйі ретінде өз бетімен пайдалануға берген, бірақ бұл келісілген эскиздік жобаға сәйкес келмеген.

Басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қолданып, 2024 жылы 16 мамырда Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына бастапқы құжаттарды жою және нысандарды бұзу туралы талап арыз берген.

Сот істері аяқталғаннан кейін 2025 жылы 20 мамырда меншік иесінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмай, бұзу туралы шешім заңды күшіне енді.

Нысанды бұзу бүгін Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

Сәйкес жаңалықтар

Решения принимала Бажкенова – Сандугаш Дуйсенова в суде рассказала, как в Orda.kz распространяли непроверенные данные

От организационного этапа – к новой модели управления: принят обновленный Устав партии «Әділет»

В завершение Глава государства отдельно остановился на вопросах дальнейшего совершенствования Консультативных встреч