Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

Ғани Бейсембаев 180 елдің туын білетін 6 жасар оқушымен кездесті

Әлемнің 180 елінің мемлекеттік туын жатқа білетін Астана қаласының мектеп оқушысы 6 жасар Ерген Дүйсенбек Оқу-ағарту министрлігінде болып, Ғани Бейсембаевпен кездесті.

Кездесуге Ерген өзінің тулар жинағын әкеліп, білімділігін көрсетті. Сондай-ақ ол осы елдердің барлығына баруды армандайтынын айтты.

«Мен әлемнің барлық мемлекетінің туын білемін, бірақ соның ішіндегі ең әдемісі – біздің елдің Туы. Мен есейгенде атақты адам болып, көк байрағымызды бүкіл әлемге танытып, көкке көтергім келеді», деді оқушы.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірінші сынып оқушысы Ерген Дүйсенбекпен әңгімелесіп, оған грамота мен естелік сыйлықтар табыс етті. Министр Ергеннің ата-анасына ақылды және тәрбиелі ұрпақ тәрбиелегендері үшін алғыс айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан инсульт алған адамды оңалтатын экзоқаңқа жасап шығаруы мүмкін

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ TEX4FUTURE ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР

Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқудан байқау өтті