Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

Астанада Әділбек Ыбырайымұлының жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, Халықаралық әдеби «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті жазушысы Әділбек Ыбырайымұлының «Арзу» романы мен «Жалғыз жолаушы» хикаяттар мен әңгімелер жинағының таныстырылымы өтті.

Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен кітапхана оқырмандары қатысты.

«Арзу» романында қазақ елінің қазіргі жағдайы, ғарышты игеру мәселелері, жеріміздегі сирек металл мен дейтерий суы және басқа да тақырыптар қамтылған. Туындының атауындағы «арзу» сөзі парсы тілінен енген, мағынасы – арман, тілек, қалау, құштарлық деген мағына береді.

Ал «Жалғыз жолаушы» жинағында автор бірнеше хикаяттар мен әңгімелерді топтастырып, түрлі тағдырлар мен қазіргі дәуірді шебер суреттеген.

Сәйкес жаңалықтар

Өнер адамы үшін ең жоғары марапат – халықтың мойындауы мен қолдауы

Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері: 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған килограмм көкөніс төмен бағамен сатылды

Қазақстан ҰҚК: уақыт сын-қатерлері және ұлттық мүддені қорғау