Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Астанада велошеру өтеді

Елордада 21 маусым күні кең ауқымды велошеру өтеді. Бұл ерекше шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып, елорда тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға және табиғатты қорғауға үндеуді көздейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Велошерудің жалпы бағыты – 25 шақырым. Қатысушылар Қосшы бағыты бойындағы айналма веложолдан бастау алып, Үркер (Ильинка) тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Тіркеу велошеру күні – 21 маусымда таңғы 07:30 бен 09:00 аралығында жүргізіледі. Шараның басталуы – сағат 09:00-де. Қатысу – тегін. Әрбір қатысушы өз велосипедімен келуі қажет.

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева бұл шараның жарыс емес екенін, бастысы – азаматтардың белсенділігі мен табиғатқа деген қамқорлығы екенін атап өтті.

Шара соңында ұйымдастырушылар тіркеуден өткен қатысушылар арасында лотерея өткізіп, бағалы сыйлықтар ойнататынын хабарлады.

Сәйкес жаңалықтар

Поддержка выпускников региона — один из важнейших приоритетов

Разъяснение Председателя Верховного Суда, члена Комиссии по конституционной реформе Асламбека Мергалиева касательно положений статьи 28 новой Конституции

Вчера в Иране в результате авиаудара по школе для девочек погибли десятки детей, множество получили ранения.