Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Астанада жұмыссыздар коттежді тонап кеткен

Фото: polisia.kz

Елордада полиция коттежді тонаған жұмыссыздарды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

Полицияға астаналық арызданған. Оның айтуынша, Жаңа жыл қарсаңында белгісіз адамдар екі қабатты коттеджге кіріп, сейфтен 1000 еуро, 1500 доллар, гауһар тастары бар алтын бұйымдар ұрлаған. Залалдың жалпы сомасы – шамамен 10 млн теңге.

Нұра ауданының ПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында пәтер ұрыларын ұстады. Олар – 26-28 жаста.

Күдіктілер елорда маңындағы ауылда тұрған, еш жерде жұмыс істемеген. Бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Күдіктілер қала ішін таксимен аралаған. Осылайша, олардың көзі екі қабатты коттеждге түскен. Үйде ешкімнің жоқтығын білген ұрылар ішке торды бұзып, пластикалық терезені майыстырып кірген.

Күдіктілер кінәсін мойындады. Олардан заттай дәлелдер алынды.

Ұрылар ақшаның бір бөлігін Жаңа жылда жұмсап үлгерген. Бүгінде күдіктілердің басқа қылмысқа қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

«Шоқан зерттеулеріндегі тастағы тарих» атты халықаралық рухани-мәдени кеш өтті

Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз

zamandas69@mail.ru

Ақылы жолдардың тарифын біртіндеп көтермекпіз – Марат Қарабаев