Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Асық атудан Азия чемпионаты: елордалық арулар жеңіс тұғырынан көрінді

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде асық атудан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Бұл бәсекеде астаналық арулар жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Байрақты бәсекеге 10 мемлекеттен үздіктер қатысып, шеберліктерін ортаға салды.

Ел намысын қорғаған елордалық арулар ең үздік нәтижелерге қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Бес асық бойынша жарыста Камила Даниярова алтын медальға ие болса, Назерке Әуелбаева күміс жүлдеге қол жеткізді.

Жарыс ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен, «Самұрық-Қазына» қоры мен «Спорт Қорының» демеушілігімен ұйымдастырылды.

Сәйкес жаңалықтар

Цифрлық технологияларды дамыту және заманауи мониторинг құралдарын пайдалану – өңірді дамытудың басым бағыттарының бірі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

zamandas69@mail.ru

Чемпиондар лигасы: «Астана» Тбилисиде камбэк жасады (ВИДЕО)

zamandas69@mail.ru