Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

«Қазақфильмнен» кетті: министрлік мәлімдеме жасады

фото: akwatoria.ru

Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты және «Қазақфильмнің» тағдырына қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдеме 2024 жылғы 1 тамызда департаменттің Telegram-арнасына жарияланды.

Мәдениет және ақпарат министрлігі қазір Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады, – делінген хабарламада.

Бұл ретте Азамат Сатыбалдының «Қазақфильмнің» президенті қызметінен кеткені бір күн бұрын, яғни 31 шілдеде белгілі болды. Еске сала кетсек, ол «Қазақфильм» АҚ-тың президенті болып 2023 жылғы 28 шілдеде тағайындалған болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Сенат депутаты Бекболат Орынбеков «Қазақфильм» АҚ-ға бюджеттен бөлінетін қаржының тиімсіз жұмсалатынын айтқан еді. Сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов «Қазақфильм» АҚ түсірген фильмдердің бюджетін ақтамайтынын алға тартқан болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Ауа райы қолайсыздығына байланысты бірнеше рейстер кешігіп жатыр

«Таза Қазақстан» Президент бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде жүзеге асырылып жатыр — Олжас Бектенов

Акцияға елдің түкпір-түкпірінен еріктілер топтары мен ұйымдары белсенді түрде қосылды