Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

«Қазақстан» шахтасында төтенше жағдай: 131 адам жер бетіне шығарылды

фото: gov.kz

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қарасты «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп, апат болды. Оқиға орнына Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. Қазір оқиға орнында Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі жұмыс істеп жатыр.

Өрт 17 тамыз сағат 10:00-те шыққан. Оқиға орнына Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметінен 15 қызметкер мен 5 техника, Төтенше жағдайлар министрлігінің 8 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Шахтада барлығы 227 адам болған. Оларды біртіндеп жер бетіне шығарып жатыр. Соңғы ақпарат бойынша, жер бетіне 131 адам шығарылған.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда Волонтерлікті дамытудың жаңа Жол картасы әзірленеді

Кәсіподақтар педагог мәртебесі мен құқықтарының қорғалуына қоғамдық бақылауды күшейтуі тиіс – Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова

Даниял Құрманқұлов «ТМД-ның үздік студенті – 2026» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды