Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Қазақстан Түркияға қосымша гуманитарлық көмек жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі», делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркия Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 1 млн доллар бөлінген еді.

Сәйкес жаңалықтар

Мұндай жетістікке жету – оқушының, ата-ананың, мұғалімнің және мектептің үлкен еңбегінің нәтижесі

Жылына 70 мың машина: Әлихан Смайылов Қостанайдағы көлік шығаратын кәсіпорындарды аралады

Мемлекеттік сатып алуды реформалау жөніндегі Президент тапсырмасын жүзеге асыру: отандық тауар өндірушілерімен жасалған келісімшарттар көлемі 23%-ға артты