Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстан VI Азия жағажай ойындарында су добынан Таиландтан басым түсті

gov.kz

Қытайдың Санья қаласында Азия жағажай ойындарында су добынан жарыс басталды. Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы ойында Таиланд командасын тізе бүктірді.

​Біздің спортшылар келесі ойынын ертең, 23 сәуірде Ганконг құрамасына қарсы өткізеді.

​Жағажайдағы су добының форматы классикалық түрінен ерекшеленеді: мұнда командалар сет бойынша ойнайды. Негізгі уақыт сеттер бойынша 2-2 есебімен аяқталып, шешуші пенальти сериясында Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.

​Команда құрамында өнер көрсетіп жатқан отандастарымыз: Ариадна Затыльникова, Камила Наурызбаева, Таира Мухаева, Яна Смолина, Василиса Антропова, Фатима Маткаримова және Аида Алпысбай.

​Турнир айналмалы жүйесі бойынша өтеді: командалар үш ойыннан өткізеді, соның қорытындысынан кейін жүлдегерлер анықталады.
​
Айта кетейік, бүгін ойындардың салтанатты ашылу рәсімі де өтеді. Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары – Мұрат Шәкенов (су добы) пен Диана Ержанова (акватлон).

Сәйкес жаңалықтар

АЛАКӨЛ ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМҒА ДАЙЫН

Астанада Jas Power XXI республикалық студенттер слеті басталды

Қарағанды облысында самбодан республикалық чемпионат өтуде

zamandas69@mail.ru