Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясы енгізілмек

фото: Азаматтық авиация комитеті

Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясы енгізілмек,

Жүк авиатасымалдары саласындағы бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында E-freight ақпараттық жүйесі сәтті енгізіліп, жұмыс істеп тұр. Аталған платформаға барлық әуе компаниялары мен әуежайлар қосылған.

Электрондық рәсімдеу және жүктерді сүйемелдеу арқылы әуе жүк тасымалын ұйымдастыру кезіндегі уақытша шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туды.

Жолаушылар тасымалы саласында электрондық билеттерді сатып алу, онлайн-брондау және цифрлық құжаттар қызметтерін пайдалану қалыпты құбылысқаь айналды. Ендігі кезекте цифрландырудың келесі қадамы рейске отырғызу кезінде жолаушыларды биометриялық сәйкестендіру болуы тиіс. Бұл әуежайларда жолаушыларды отырғызу процесін бірнеше есе жеңілдетеді және тездетеді.

2023 жылы биометрия пилоттық жоба ретінде елордалық әуежайда енгізілді. Алдағы уақытта пилоттық жоба оң нәтижелерін көрсеткен болса, Қазақстанның барлық әуежайына енгізілетін болады.

Сәйкес жаңалықтар

Елордада көлік өлшейтін автоматтандырылған жүйе іске қосылады.

АШЫҚ ХАТ (Абай ұлттық мектебінде оқытылатын «Қазақ әдебиеті» пәнінің бағдарламасы жөнінде)

zamandas69@mail.ru

Порталда кең көлемді мәліметтер базасы бар